Себебі, биыл егілген күрішті бастыратын су болмай, алқаптардың аңқасы кеуіп кеткен.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында егін алқабына себілген дән құстарға жем болып жатыр. Өйткені биыл егілген күрішті бастыратын су болмай, алқаптардың аңқасы кеуіп кеткен. Шаруалардың айтуынша, құрғақшылықты басшылар қолдан жасап отыр, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасы.
Жаңақорғандық егіншілер егіс алқабына мамыр айының басында дән сеуіп тастаған. Бір ғана атыздың өзін тегістеп, оған дән себуге бақандай 500 мың теңге шығын кетеді екен. Бірақ ақыр соңы алқапқа су келмей, сепкен дән құстарға жем болып, төккен тер зая кеткен.
"Көктемнен бері кетпенді шауып-шауып, енді жер қаңсып, су болмағаннан кейін кетпенін алып үйге қайтады. Ол адам қайтіп бала-шағасын асырайды? Мысалы менің 400 миллион кредитім бар. Күріш болмаса, ертең мен кредитті қайтіп төлеймін. "Су бермеймін, айналайын,екпе" дегенде екпей-ақ қоятын едік", – деді шаруа қожалығының төрағасы Құлмағанбет Исаханов.
Оқи отырыңыз: "Баж салығын алып тастау керек". Қазақстанда күнбағыс егетін шаруалар мемлекет қолдауына мұқтаж
Биыл Сырдария өзенінің деңгейі көтерілген. Алайда, көпшілік егістікке келіп жатқан судың мөлшері өте аз екенін айтады.
"Су шаруашылығының басшылары әрбір елдімекенге пәлен гектар егесің деген еді. Енді сол гектарына су тауып бере алмай жатыр. Сонда қалай кінәлі емес деп айтамыз?",– деді шаруа қожалығының төрағасы Фархат Мәтешов.
Су шаруашылығының мамандарының айтуынша, биыл Жаңақорған ауданындағы күріш алқабына тиесілі мөлшерден артық су жіберіп жатыр. Бірақ қыс бойы жауынның аз болуынан су алқаптарға тез сіңіп кетіп жатыр екен.
"Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан Жалағаш, Қармақшы және Қазалы аудандарында да су тапшылығының зардабын тартып отыр. Мысалы Жалағаш ауданның өзінде жоспарға сәйкес суды ала алмай отырған шаруа қожалықтары бар. Суды осы бірқалыпты деңгейде сақтап отырсақ, 10-на дейін біз толық басып бітеміз деп ойлаймын", – деді "Қазсушар" РМК Қызылорда облыстық филиалының бөлім басшысы Айдос Асанбаев.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1⚡️ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ-2023: ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
-
253
-
0
-
4
-
-
2Венецияда көпірден автобус құлап 15 шақты адам мерт болды
-
248
-
0
-
4
-
-
3💲Бүгінгі күнге арналған валюта бағамы
-
252
-
0
-
7
-
-
4👀Іле-Алатау ұлттық паркінің орманшысын Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігімен Ақ қайың шатқалына келген белгісіз адамдар тобы ұрып кетті.
-
250
-
0
-
6
-
-
5Онлайн дұға жасауға қатысты ҚМДБ өкілінің жауабы
-
243
-
0
-
2
-
-
6📣Грек-рим күресінен 67 келі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда Мейіржан Шармаханбет ирандық палуан Даниал Сейед Сохрабиді жеңді.
-
243
-
0
-
7
-
-
7👩💻Автокөлікке VIP нөмірді қалай алуға болады?
-
242
-
0
-
7
-
-
8Өңделмеген металл рудаларын Қазақстаннан экспорттауға тыйым салынбақ
-
236
-
0
-
6
-
-
9Көлік жүргізу куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгереді
-
221
-
0
-
3
-
-
10👮♀️Астанада 18 жасар қыз балконнан құлап, мерт болды
-
218
-
1
-
5
-