Тікелей эфир

Қазақстанның шығысында қар жауып, кейбір аймақтарында үсік жүреді

Демалыс күндері ауа температурасы төмендейді.

Сәуір айының соңында Қазақстанның басым бөлігінде суық болып, жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

"Атмосфералық фронттардың әсерінен сәуірдің соңы мен мамырдың басында республиканың солтүстігі, орталығы және шығыста түнде жаңбыр жауып, қарға ұласуы мүмкін. Республиканың өзге аймақтарында бұршақ пен жаңбыр күтіледі. Оңтүстік аймақта шаңды дауыл болады", – делінген хабарламада.

Ауа температурасы төмендеп, солтүстік пен солтүстік-батыста 1-7 градус, шығыста 10 градусқа дейін үсік жүреді.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары