Тікелей эфир

Алматы облысында 19 баланы заңсыз тәрбиелеген діни медресе анықталды

Тәжікстан азаматы балаларға арабша жазулар бар кітаптарды қолдана отырып сабақ берген.

Алматы облысы Қарасай ауданында прокурорлар құқық қорғау және уәкілетті органдармен бірлесіп "Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасы аясында 19 баланы заңсыз тәрбиелеп келген діни медресені анықтады. 

Жеке үйдің аумағында Тәжікстан тумасы балаларға араб жазулары бар діни әдебиеттерді қолдана отырып сабақ беріп келген. 

"Тексеру барысында 179 дана діни әдебиет, Iphone маркалы ұялы телефон және НР маркалы ноутбук тәркіленді. Олар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Кінәлі адам заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады", – делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта барлық бала ата-анасына қайтарылды.


Оқи отырыңыз: Психолог: Баладан демалу үшін оған гаджет сыйлау – болашақ лудоманды тәрбиелеумен тең


 

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары