Тікелей эфир

Этникалық қазақтардың "қандас" мәртебесін алу тәртібі жеңілдейді

Сондай-ақ, мәртебені беруді қарастыру уақыты да қысқарады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "қандас" мәртебесін беру тәртібін жеңілдетуді жоспарлап отыр. Бұған дейін "қандас" мәртебесін алуға тек Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі және "Құтты мекен" АЖ мобильдік қосымшасы арқылы өтініш беру мүмкін болса, енді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы да мұндай өтініштерді қабылдайды. Бұл туралы министрліктің Ашық НҚА порталында жариялаған құжат жобасынан белгілі болды. 

"Қандас мәртебесін беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі арқылы, "Құтты мекен" АЖ мобильдік қосымшасы не мемлекеттік корпорация ("Азаматтарға арналған үкімет" – ред.) арқылы береді" делінген өзгертулер жобасында. 

Сондай-ақ, өтініш иесінің құқық бұзушылықтар жасағаны не жасамағаны және экстремистік, террористік ұйымдарға мүшелігі туралы ақпаратты тексеру уақыты 20-дан 10 тәулікке қысқарады. Ал комиссия өтінішті 5 тәулік ішінде (қазіргі қолданыстағы ереже бойынша – 10 тәулік) қарайды. 


Оқи отырыңыз: 2337 қандас өңірлік квотаға ие болды. Олар қандай әлеуметтік қолдауға ие


"Бұл Ішкі істер органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелерінде жұқа клиентке "Қандас" ААЖ орнату арқылы электрондық форматта верификацияны енгізумен және тиісінше комиссияда этникалық қазақтардың ұсынылған материалдарын қарау мерзімдерін қысқартумен байланысты" делінген министрліктің түсіндірме жазбасында. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары