USD: 474.7 / 478.7
  • EUR: 539.5 / 544.5
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Биыл Шымкентке келген туристер саны 39 пайыз артып, жүз мың адамға өсті

"Шым қала" тарихи-мәдени кешені. Фото: visit-shymkent.com
"Шым қала" тарихи-мәдени кешені. Фото: visit-shymkent.com
2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында шаһарға 139 443 турист келген.

Соңғы жылдары Шымкент шаһары туристік əлеуетін қарқынды түрде арттырып келеді. 2026 жылдың алғашқы тоқсанында шаһарға 139 443 турист аяқ басқан. Бұл көрсекіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,3 пайызға, яғни 100 088 адамға өскен, деп мәлімдеді туризмді дамыту бөлімінің басшысы Азамат Қалқабаев. 

Кемінде екі мыңжылдық тарихы бар Шымкент – еліміздегі ең көне әрі шежірелі мекендердің бірі. Ежелгі Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан бұл шаһар ерте дәуірден-ақ сауда-саттық, қолөнер мен мәдениеттің өркендеген ірі орталығы ретінде танылған. Еуропа мен Азияны жалғаған маңызды керуен жолдарының түйіскен тұсында орналасуы қаланы түрлі халықтардың өркениеті мен мәдениеті тоғысқан бірегей мекенге айналдырды.

Бөлім басшысы Азамат Қалқабаевтың айтуынша, "Шым қала" музейі бүгінде туристер ең көп келетін кешенге айналған. 

"Дәл қазір Шымкент – тек республикалық маңызы бар мегаполис емес, сонымен бірге тарихи-мәдени туризмнің де басты ошағы. Қаланың бай мұрасы, сәулет ескерткіштері, археологиялық кешендері мен мәдени орындары жыл сайын отандық және шетелдік саяхатшылардың зор қызығушылығын тудырып келеді. Қаланың ең көрнекті тарихи нысандарының бірі – ежелгі Шымкент қалашығының орнында ашылған "Шым қала" тарихи-мәдени кешені. Бұл нысан бүгінде ашық аспан астындағы музей ретінде қызмет етеді", – деп атап өтті Азамат Қалқабаев.

Ашық аспан астындағы бұл музейде ежелгі құнды археологиялық жәдігерлер мен шаһардың қалыптасу, даму кезеңдерінен сыр шертетін маңызды экспозициялар жинақталған. Мұнымен қоса, республикалық маңызы бар Сайрам алабында орналасқан Ибрагим ата, Қарашаш ана, Әбділ Әзіз баба, Мірәлі баба кесенелері мен Хызыр мұнарасы саяхатшылар жиі тағзым ететін ерекше сакралды орындар қатарына кіреді.


Оқи отырыңыз: Шымкент халқының саны 2050 жылы 2,5 миллионнан асады – болжам


Сондай-ақ, туризмді дамыту бөлімінің басшысы Азамат Қалқабаев жыл басынан бері қалаға келген туристер санына қатысты ақпаратты бөлісті. Айтуынша, биыл келуші туристер саны 39 пайызға артқан. 

"2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында шаһарға 139 443 турист келді. Бұл көрсекіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,3 пайызға, яғни 100 088 адамға өскен", – деп қосты Азамат Қалқабаев.

Фото: visit-shymkent.com

Өз кезегінде басқарма басшысының орынбасары Сұлтан Искаков қала арқылы өтетін негізгі саяхат бағыттарына тоқталды.

"Дәл қазір Шымкент қаласында 17 туристік бағдар желісі жұмыс істеп тұр. Олардың ішінде "Түркістан – Ташкент – Ақсу-Жабағалы – Шымкент" бағытындағы 4 күндік тур саяхатшылар арасында аса жоғары сұранысқа ие. Шаһардағы бұл 17 туристік маршрут бойынша жалпы алғанда 24 туроператор мен 120-ға жуық туристік агенттік қызмет көрсетеді", – деді Сұлтан Ысқақов.

Мұнымен қатар, Сұлтан Ысқақов Шымкент қаласында шетелдік және отандық туристерді тарту үшін қандай жұмыстар атқарылғанын айтты. 

"2026 жылдың 21 наурызында өткен дәстүрлі "ДәмДәсTour" халықаралық гастрономиялық фестиваліне 50-ден астам мейрамхана қатысты. Ал 20-22 наурызда Шымкенттің туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында ұйымдастырылған Blog tour аясында Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Украина, Үндістан және отандық өңірлерден 30-ға жуық танымал travel-блогер келді. 1 мамырда "Арбатта" жас флористер мен дизайнерлердің шығармашылық байқауы өтті. 17 маусымда Баку – Шымкент тікелей әуе рейсінің ашылуына орай екі елдің 60-қа жуық сала өкілі B2B форматында кездесіп, ынтымақтастық туралы 7 меморандумға қол қойды", – деді Сұлтан Ысқақов.


Оқи отырыңыз: Шымкент – "Кітап оқитын ұлт" жобасына алғашқы болып қосылған өңірлердің бірі


Сондай-ақ, "Этно-Шымкент" фестивалі аясында ұлттық мұраны ұлықтап, туризмді дамытуға бағытталған "Шым қала" этноауылының I кезеңі салтанатты түрде ашылды. Бұдан бөлек, басқарма өкілінің мәліметінше, туристер ағынын арттыру үшін алдағы уақытта StreetFoodFest және "Батпырауықтар" фестивальдерін өткізу жоспарланған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау