Тікелей эфир

2023 жылы Қазақстанда "Ата жолы" картасын 5 мың адам иеленеді

Ал 2027 жыл соңына дейін олардың санын 40 мыңға жеткізу көзделген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биыл "Ата жолы" картасын 5 мың адамға беруді жоспарлап отыр. Жыл сайын карта иегерлерінің саны 5, 10, 15 мыңға артып, 2027 жыл мәресіне дейін олар 40 мыңға жетуі тиіс. Бұл туралы құзырлы министрліктің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарынан белгілі болды.

Еске салайық, "Ата жолы" картасын беру – жаңа бастама. Ол туралы алғаш еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2022 жылдың соңында хабарлаған болатын. Аталған карта шетелдегі жоғары деңгейдегі кәсіби маман қазақтарға не өздері тұратын елде табысты бизнес-кейстерді іске асырған және оларды Қазақстанда жүзеге асыруға ықыласты қазақтарға беріледі. Ол арқылы этникалық қазақтар 10 жылға жеңілдетілген виза рәсімдеп, Қазақстанда өз кәсібін дамытуға мүмкіндік алады.


Оқи отырыңыз: 500 иностранных специалистов привлекут в Казахстан: в правительстве одобрили концепцию миграционной политики


Сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, Қазақстанға келген қандастар мен қоныс аударушыларды жұмыспен қамту көрсеткішін де арттыруды жоспарлап отыр. 2023 жылғы меже 83 пайыз болса, оны 2027 жыл соңына дейін 95 пайызға жеткізу көзделген.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары