Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы мен Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы да қызметінен босатылады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовке Жамбыл облысы, Қордай ауданында кісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуіне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Сұлушаш Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөлені жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы, сондай-ақ, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы Азамат Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды.