Астанадан Құлжаға тікелей әуе рейсі ашылды. Билет бағасы қанша

Фото: FlyArystan
Фото: FlyArystan
Жолаушылар аптасына үш рет қатынай алады.

Қазақстандық FlyArystan лоукостері елорда мен Қытайдың Инин (Құлжа) қаласын байланыстыратын тікелей әуе рейсін ашты. Алғашқы рейс бүгін Астаналағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан сағат 07:55-те аттанды. 

Ұшу ұзақтығы 2 сағат 25 минутты құраса, жолаушылар аптасына үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері қатынай алады. 

Әуе компаниясының хабарлауынша, билет құны 34 500 теңгеден басталады. 

Айта кетейік, Құлжа – Шыңжаңның ең көрікті аймақтарының бірі саналатын Іле аңғарына апаратын қақпа. Бұл қалада этникалық қазақтар көп мекен етеді, сондай-ақ өңір лаванда алқаптарымен, Сайрам көлімен және Налатының биік таулы шалғындарымен танымал. 

Компания президенті Йохан Эйдхагеннің айтуынша, FlyArystan қазіргі таңда Қазақстан мен Шыңжаң арасында төрт тікелей бағыт бойынша рейстер орындап, Алматы, Астана және Ақтау қалаларын Үрімжі және Инин қалаларымен байланыстырады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау