Қазақстан қор биржасы (KASE)-дегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 472,31 теңгені құрап, 2,76 теңгеге төмендеді.
Ал Қазақстан Ұлттық банкі 2 сәуірге белгілеген ресми доллар бағамы 475,09 теңге деңгейінде сақталып отыр.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 470,03 теңге, ал сату бағамы 472,3 теңгені құрайды.
Астана қаласында доллар 468,04 теңгеден сатып алынып, 475,04 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Шымкент қаласында доллардың орташа сатып алу бағамы 471,48 теңге болса, сату бағамы 473,53 теңгені құрайды.