Еркін Ғаббасов, Давид Дегтярев, Ибрагим Нұрмұханұлы Азия Пара ойындарында алтын медаль иеленді

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz
Еркін Ғаббасов жарыс рекордын жаңартты.

Қазақстандық параспортшылар Еркін Ғаббасов пен Давид Дегтярев Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Еркін Ғаббасов пара оқ атудан топ жарып, жарыс рекордын жаңартса, Давид Дегтярев пауэрлифтингтен чемпиондық атағын қорғады.

Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан жарыста Еркін Ғаббасов пневматикалық винтовкамен 10 метр қашықтықтан нысана көздеуден R1 дисциплинасында өнер көрсетті. Финалда ол 249,1 ұпай жинап, Қазақстан құрамасына алғашқы алтын жүлдені сыйлады.

Еркін Ғаббасов жарыс рекордын жаңартты

Қазақстандық спортшы финалда 249,1 ұпай жинап, қарсыластарынан басым түсті. Күміс медальді 248 ұпаймен оңтүстіккореялық Пак Джинхо иеленсе, оның отандасы Ли Джанхо 226 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Азия Пара ойындарындағы жеңісінің арқасында Еркін Ғаббасов 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама алды.

Айта кетейік, Ғаббасов 2024 жылы Парижде өткен Паралимпиада ойындарында пара оқ атудан күміс медаль жеңіп алған.

Давид Дегтярев

Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының екі дүркін чемпионы атанды

Қазақстандық пауэрлифтинг шебері Давид Дегтярев 192 келіні көтеріп, V Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты. Ол 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Төрт жыл бұрын өткен Азия Пара ойындарында Дегтярев 186 келі көтеріп, алтын медаль иеленген еді. Бұл жолы өз нәтижесін жақсартып, чемпиондық атағын қорғады.

Давид Дегтярев – үш дүркін әлем чемпионы және екі дүркін Паралимпиада чемпионы. Ол 2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия Пара ойындарында да алтын медаль жеңіп алған.

Қазақстандық пара дзюдошы Ибрагим Нұрмаханұлы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында топ жарды.

Отандасымыз J2 санатында 70 келі салмақта үздік шықты.

Ибрагим финалда өзбекстандық Кемран Нуриллаевты жеңді. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау