Қазақстандағы доллар мен еуро бағамы белгілі болды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Теңгеге шаққандағы доллар бағамы өзгерді.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,08 теңгеге өсіп, 452,59 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 452,12 теңге.

Ақша айырбастау орындарындағы бағам

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астананың ақша айырбастау орындарында доллар 449 теңгеден сатып алынып, 456 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 501 теңге, сату бағамы – 511 теңге. Рубль 5,25 теңгеден сатып алынып, 5,45 теңгеден сатылуда.

Алматыда доллар қанша тұрады?

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 451,39 теңгеден сатып алынып, 453,11 теңгеден сатылып жатыр.

Қаладағы айырбастау орындарында еуроның бағамы 505,54–509,79 теңге аралығында. Ал рубль 5,24–5,35 теңгеден саудаланып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау