Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегіне қатысты мәлімдеме жасап, елдегі эпидемиологиялық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, әлемнің бірнеше елінде инфекцияның тіркелуі және халықаралық көлік қатынасының белсенділігі вирустың Қазақстанға жету ықтималдығын жоққа шығаруға мүмкіндік бермейді.
"Әлемнің бірнеше елінде ауру тіркелгендіктен және халықаралық көлік қатынасы белсенді болғандықтан, инфекцияның Қазақстан аумағына жету ықтималдығын жоққа шығармаймыз", – деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Сонымен қатар министрлік қоздырғыштың берілу ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстанда маймыл шешегінің кеңінен таралу қаупі төмен екенін атап өтті.
Қазақстанда шекарадағы бақылау күшейтілді
Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияның ел аумағына таралуының алдын алу үшін мемлекеттік шекарадағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды күшейткен.
Қазір ауру тіркелген елдердегі эпидемиологиялық жағдай бақылауда. Сондай-ақ осы мемлекеттерден келген азаматтарға қатысты тексеру шаралары күшейтілген.
Айта кетейік, Ресейде маймыл шешегін жұқтырған болуы мүмкін деген күдікпен бес адам ауруханаға жатқызылған. Олардың инфекция жұқтырғаны әзірге күдік ретінде айтылып отыр. Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылауды жалғастырып жатыр.