Қызылордада "Green Aral: Volunteers for Life 2026" халықаралық волонтерлер апталығы бастау алды

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі
Апталық жастар арасында волонтерлік қозғалысты дамытуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Қызылордада Арал өңірінің табиғатын сақтауға және экожүйесін қорғауға бағытталған "GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026" халықаралық волонтерлер апталығының ашылу рәсімі өтті. Бастама мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ жариялаған Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылына орай ұйымдастырылды.

Жиынның ашылу рәсіміне облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Тоғжан Зейденова, Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері Вера Ким мен Жанар Бимұратқызы, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Наурызбай Байқадамов, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның 10 өңірінен келген 100 волонтер және облыстағы 500-ден астам белсенді  студенттер мен ерікті жастар қатысты.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов қатысушыларды "GREEN ARAL" халықаралық волонтерлер апталығының ашылуымен құттықтап, волонтерліктің ел өміріндегі маңызына тоқталды.

"Бүгінгі басқосудың Сыр өңірінде өтуі және апталықтың "GREEN ARAL" деп аталуы айрықша мәнге ие. Бұл – қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және Арал өңірінің тағдырына деген ортақ жауапкершілікті сезінуге үндейтін маңызды бастама. Арал мәселесі – еліміздің ғана емес, бүкіл әлемнің назарындағы өзекті тақырып. Табиғатқа жанашырлық танытып, экологиялық түйткілдердің шешіміне үлес қосу – баршамызға ортақ міндет. Сыр еліне келген сапарларыңыз сәтті, жүздесулеріңіз мазмұнды, бастамаларыңыз нәтижелі болсын!", – деді Данияр Жаналинов.

Сондай-ақ, аймақтағы волонтерлік қозғалыстың өркендеуіне үлес қосып, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүрген бірқатар азаматтар облыс әкімінің "Алғыс хатымен" марапатталды.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Шара аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Тоғжан Зейденова сөз сөйлеп, волонтерлер бастамаларын қолдаудың маңызын атап өтті.

Ал "Ұлттық волонтерлік желі" төрағасы, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Вера Ким кеңес төрағасы Ерлан Қошановтың арнайы құттықтау хатын оқып берді.

Апталық жастар арасында волонтерлік қозғалысты дамытуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Бағдарлама барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, экологиялық бастамаларын таныстырады. Бұдан бөлек, олар қоршаған ортаға қатысты өзекті мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын қарастырады. Негізгі іс-шаралар Қызылорда облысының Арал ауданында өтеді.

Апталық аясында белсенді жастардың тәжірибе алмасу және бір-бірімен байланысын нығайту мақсатында "KZO CAMP: ONE COMMUNITY" республикалық волонтерлер слеті де өтті.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

"GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026" халықаралық апталығы жастардың, қоғамдық ұйымдар мен халықаралық серіктестердің басын қосып, экологиялық волонтерлікті дамытуға және Арал өңірінің табиғатын қорғауға бағытталған бастамаларды қолдауға жол ашады. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау