Қазақстанда 5–16 қазан аралығында көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтауға бағытталған "Нелегал" жедел-профилактикалық акциясы өтті. Операция барысында 15,8 мыңнан астам заң бұзу фактісі тіркелген. Бұл туралы полиция хабарлады.
Полицияның мәліметінше, Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 7 595 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін тағы 3 899 шетел азаматына қатысты шаралар қабылданған.
"Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 7 595 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін тағы 3 899 шетел азаматына қатысты шаралар қабылданған", – деп хабарлады полиция.
Сонымен қатар шетелден жұмыс күшін тарту тәртібін бір жыл ішінде бірнеше рет бұзған 10 жұмыс берушіге қатысты тергеп-тексеру басталған.
Қазақстаннан шығарылғандарға бес жылдық шектеу қойылды
Операция барысында Қазақстан аумағында заңсыз жүрген 62 шетел азаматы ұсталған. Бұдан бөлек, полиция 236 шетел азаматын Қазақстаннан мәжбүрлі түрде шығарған. Олар енді бес жыл бойы ел аумағына кіре алмайды.
"Полиция 236 шетел азаматын Қазақстаннан мәжбүрлеп шығарған. Осы адамдардың бәрі енді Қазақстанға бес жыл кіре алмайды", – деп хабарлады полиция.