Мемлекеттік көмектің ең жоғары мәні Алматы қаласында: пәтердің 1 шаршы метріне – 0,55 АЕК (биыл 1 604 теңге) мөлшерінде субсидия беріледі.
Биыл Қазақстанда әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен азаматтарды үймен қамтамасыз ету – жалға алғаны үшін төлеген соманың бір бөлігін қайтарып беру механизмі жаңартылды, деп хабарлады Krisha.kz сайты.
Механизм тапқан табысы жан басына шаққанда күнкөріс деңгейінен төмен, тұрғын-үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған. Биыл бұл сома 34 302 теңгені құрайды. Қазір мұндай кезекте тұрған 185 азамат бар. Жыл сайын үстіне шамамен 18 мың адам қосылып отырады. Негізінен олар:
- көпбалалы отбасылар;
- жетім балалар;
- мүгедек бала бағып отырған отбасылар;
- басқа да әлеуметтік осал топтағылар.
Әлеуметтік тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға берілетін үйді жекеменшік құрылыс компаниялары салады. Әкімдік оларға учаске беріп, инженерлік желілер өткізеді. Ал құрылыс компаниялары үй мен әлеуметтік объектілерді өз қаражатына тұрғызады.
Құрылыс компаниялары пәтерлердің тең жартысын тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторына табыстауға міндеттеледі. Оператор өз кезегінде пәтерді "Отбасы банкі" құрған тізім бойынша кезекте тұрғандарға береді. Ал пәтерлердің қалған 50%-ын құрылыс компаниялары нарыққа шығарады.
Мұндай тұрғын үйді жалға алғаны үшін төленетін сома әзірге белгісіз. Есесіне субсидиялауға қатысты нақты лимит белгіленді.
1 шаршы метр үшін:
- Алматы қаласында – 0,55 АЕК-ке дейін (1 604 теңге);
- Алматының шет жағында – 0,45 АЕК-ке дейін (1 313 теңге);
- Нұр-Сұлтан мен оның шет жағында – 0,5 АЕК-ке дейін (1 459 теңге);
- Шымкентте – 0,45 АЕК-ке дейін (1 313 теңге);
- Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды және Қостанай облыстарында – 0,4 АЕК-ке дейін (1 167 теңге);
- басқа өңірлерде – 0,35 АЕК-ке дейін (1 021 теңге).
Мысалы, Алматы қаласында аумағы 60 шаршы метр болатын 2 бөлмелі пәтерді жалға алу үшін көмек ретінде 96 240 теңге беріледі. Қалғанын кезекте тұрғандар өз қалтасынан төлейтін болады.
Қазақстан бойынша тұрғын үй кезегінде 562 мың адам тұр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1😱 10 жылға сотталған Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсірді
-
270
-
0
-
2
-
-
2🤑 Абай облысында таныстарын 21 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды
-
271
-
0
-
0
-
-
3💸 KEGOC акциялары SPO-ға шығады
-
264
-
0
-
2
-
-
4🇰🇿 Тоқаев ЕҚЫҰ басшысына: Бізді ұйымның рөлі туралы пікірлер қайшылығы алаңдатады
-
276
-
0
-
0
-
-
5🛍 "Кел де ала бер". Түркістан облысында мұқтаж жандарға арналған тегін дүкен ашылды
-
303
-
0
-
3
-
-
6🪖 "Барлық мәселе тәрбиеде": Қорғаныс министрі әскердегі әлімжеттік пен суицид туралы
-
328
-
0
-
0
-
-
7🚉Пойыз кешіккен жағдайда төленетін өтемақы мөлшері қандай?
-
292
-
0
-
0
-
-
8😍 ЮНЕСКО: "Ортеке" музыкалық-қуыршақ өнері материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді
-
291
-
0
-
0
-
-
9😱 Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды
-
294
-
0
-
0
-
-
10🏝 Павлодар облысы әкімінің бұрынғы резиденциясы мемлекет меншігіне қайтарылады
-
274
-
0
-
0
-