Тікелей эфир

ТЖМ: Құрылыста түрлі жаңа материалдарды қолдану өрт қаупін күшейтіп отыр

2021 жылдың сегіз айында құтқарушылар мыңға жуық адамды өрттен аман алып шыққан.

Өрт сөндіруші мамандар күніне орташа есеппен 100-150 өртті сөндіруге барады. Осы жылдың сегіз айында елде 7 мыңнан аса өрт оқиғасы тіркелген. Онда мыңнан аса адам құтқарылды және 251 адам көз жұмды. Барлық жағдайда дерлік өрт кісі әрекеті әсерінен тұтанған. Бұл туралы ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің басқарма басшысы Ерлан Төрегелдиев мәлімдеді. 

"Техникалық процесс 7 мильдік адыммен қадам басып келеді. Жаңа техникалық құрылғылар енгізіліп жатыр. Олар біздің өмірімізді айтарлықтай жеңілдетеді. Жаңа технологиялармен қатар жаңа құрылыс материалдары енгізіліп жатыр. Осы синтетикалық, полимерлік материалдардың өртену, тұтану температурасы, жылу сыйымдылығы әртүрлі. Мұнымен қатар, халық санының өсуіне байланысты электрді қолданушылар саны өсіп келеді. Осының барлығы өз кезегінде өрттің қауіптілігінің жалпы күйіне әсер етіп отыр. Ал егер қоғамда резонанс тудырған өрттерді алатын болсақ, сенімді түрде барлығына дерлік адам факторы себеп болды деп айтуға болады. Мысалы, кеше бизнес орталығында болған өрттің алдын ала себебі өртке байланысты жұмыстар барысында қауіпсіздікті сақтамау болды. Түркістан облысындағы теміржолда цистерна жарылғанда да дәл солай. Павлодарда адам мас күйінде шылым шегіп, кейін кісі өліміне себепкер болды. Яғни мұның барлығы адами фактордан. Осы орайда, бірінші кезекте қауіпсіздік мәдениетін күшейту керек деп ойлаймын", – деді Ерлан Төрегелдиев. 

Мұнымен қатар, ведомство басшысы 2011 жылдан бастап жоба құжаттарын мақұлдауға, 2016 жылдан барлық объектінің эксплуатациясына қатыспайтынын мәлімдеді. Айтуынша, аталған ведомствоның жобалауға қатыспауы өрт шыққан ғимараттарға суы бар көліктердің жетуіне кедергі келтіреді.

"Қазіргі таңда заң аясында жергілікті үйлерді барып тексеруге құқығымыз жоқ. Біз белгілі бір профилактикалық жұмыстар ғана жүргіземіз", – деп қосты ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті басқарма бастығының міндетін атқарушы Тілеуберді Мәдиев. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары