Тікелей эфир

СҚО-да жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 600-ге жуық дерегі тіркелген

Интернет-алаяқтар күн сайын адамдарды алдаудың жаңа айла-тәсілдерін ойлап табуда.

СҚО-да полицейлер киберқылмыскерлер тарапынан болуы мүмкін қауіптерді халыққа түсіндіруді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Профилактиканың бір форматы – түрлі ұйымдардың еңбек ұжымдарымен кездесу. Жуырда полицейлер психикалық денсаулық орталығында, облыстық қан орталығында, сонымен қатар мемлекеттік кірістер департаментінде болып қайтты. Олар алдаудың кең тараған схемалары туралы айтып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Ұйымдардың қызметкерлері белгісіз адамдардан банк картасына кенеттен белгілі бір сомада ақша түссе, қандай әрекеттер жасау қажет екенін сұрады. Көбінесе ақша аударған белгісіз адам бірден байланысқа шығып, қателесіп кеткенін айтып, аударылған ақшаны қайтаруды сұрайды", – делінген хабарламада.

Полицейлердің айтуынша, қазіргі уақытта мұндай жағдайлар жиілеп кеткен. Осылайша, алаяқтар адамдарды дропперлер ретінде пайдаланады, олардың шоттары арқылы өздері алдаған адамдардың ақшасын елден шығарады.

"Азаматтық сот дропперді келтірілген шығынның орнын толтыруға міндеттеуге құқылы. Өзіңізді қылмыстық схемаларға тартудан қорғау үшін белгісіз адамдардан келетін қаражаттың түсу фактісі бойынша банкке өтініш жазу қажет", – делінген хабарламада.

11 айда СҚО-да интернет-алаяқтықтың 599 фактісі тіркелді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда алаяқтық саны 114 фактіге азайып отыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары