USD: 487.7 / 490.5
  • EUR: 565.5 / 570.5
  • RUB: 6.59 / 6.73
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады

Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Қазақстан Президенті АҚШ-тан G20 саммитіне шақырту алды.

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-америка ынтымақтастығының жоғары деңгейін атап өтіп, Америка Құрама Штаттарымен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.

"Біз өзекті мәселелерді кеңінен талқылауға мүмкіндік туғанын оң бағалаймыз. Әсіресе, аса маңызды минералдар бойынша C5+1 диалогына қатысуыңызды құптаймыз. Бұл Құрама Штаттардың Қазақстанмен және бүкіл Орталық Азиямен ынтымақтастыққа стратегиялық тұрғыдан мән беретінін көрсетеді. Сондай-ақ Сіздің екіжақты байланыстарды дамытуға қосқан үлесіңізді атап өткім келеді. Қазақстан Америка Құрама Штаттарымен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі арттыруға мүдделі. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Сіз арқылы АҚШ Президенті Дональд Трампқа ыстық ықыласым мен ізгі тілегімді жолдаймын. Жыл соңына қарай біз кездесеміз деп ойлаймын. Сонымен бірге Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін ризашылығымды білдіремін", – деді Мемлекет басшысы.


Оқи отырыңыз: Тоқаев вице-президент, Құрылтай және Халық Кеңесінің қызметін реттейтін заңдарға қол қойды 


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз