"Отандастар" қоры Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен Сыртқы істер министрлігіне берілді, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
"Қазақстан Республикасы үкіметінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы №36 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 50 пайыз мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігіне берілді. Енді "Отандастар қоры" КеАҚ алдағы уақытта СІМ-не қарасты қызмет атқарады", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Елге оралған қандастар жинайтын құжат саны жиырмаға қысқарады
Бұған дейін қор акционерлері Сыртқы істер министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болған. Қор өз жұмысын 2018 жылдың күзінде бастаған.
"Бүгінде қордың негізгі мақсаттарында шетелдегі қазақ қауымдарының жинақы тұратын жерлерінде қазақ тілі мен мәдениетін дамыту және тарихи отанымен байланысын қолдау саласындағы іс-шараларды ұйымдастыру арқылы сыртқы істер министрлігінің шетелдік ведомстволарына бағынысты ұйымдар ретінде шетелдегі мәдени-іскерлік үйлері платформасының желісін кеңейуге, шетелдік қазақ жастары және Қазақстанның білім беру саласың басымдықтарына, шетелдегі қазақ қауымдары және Қазақстанның имидждік тартымдылығын арттыру ‒ ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық жасау көзделіп отыр", – деп мәлімдеді қордың баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, қандастарды ақпараттық қолдау орталықтарының жұмысын жалғастыра отыра, шетелдегі қазақтар мен елге келген ағайынның өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты талдау, жоспарлау және болжау мәселелері бойынша деректер базасын қалыптастыру жұмыстарын атқарады.
Еске салсақ, "Қазақстан халқына" қорына келіп түскен соманың 100 млрд теңгеден асқаны туралы хабарлаған едік.