Бүгін 1 442 адамнан коронавирус анықталды.
Елордада "Омикрон" штамының таралуымен байланысты коронавирус жұқтыру деңгейі 5,5 есе ұлғайды. Аталған штамды бірінші жұқтырған адам қалаға ПТР-тест теріс нәтижесімен келіп, кейін ауруханаға жүгінген, деп мәлімдеді астананың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева.
"Sars-Cov-2 вирусының "Омикрон" штамының таралуына байланысты қаланың эпидемиологиялық жағдайы күрт нашарлады, қазір сол қалпында. Егер соңғы екі аптада күніне 80 адам ауру жұқтырса, енді бұл көрсеткіш 5,5 есеге дейін өсіп отыр. Репродуктивті сан 3,2-ні құрады. Меншікті салмақ – 376,6. Бүгін 1 442 адамнан коронавирус анықталды. Қаңтардың алғашқы 10 күні ішінде 4 622 жағдай тіркелді. Бұл көрсеткіш желтоқсан айымен салыстырғанда 1,7 есе көп", – деді Пралиева брифинг кезінде.
Сондай-ақ, ол Нұр-Сұлтанда желтоқсанның соңына қарай "Омикрон" штамының молекулярлық-генетикалық зерттеулер нәтижесінде анықталғанын айтты.
"Бұл жағдай 16 желтоқсан күні шетелден оралған қала тұрғынынан анықталды. Оның ПТР-тест нәтижесі теріс болғанымен, 22 желтоқсан күні тамағы ауырып, медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болған. Кейін тексеріп, материалды секвенирлеуге бағыттаған болатынбыз", – деп қосты Пралиева.
Еске салсақ, Кипр аралында коронавирустың гибридті нұсқасы – "дельтакронның" анықталғаны туралы хабарлаған едік. Жаңа штаммның "дельтамен" генетикалық негізі бір және сонымен бірге "омикронға" тән мутациялары бар.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-