Соңғы мәлімет бойынша 43 гектардан астам аумақ өртке оранды.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин брифинг өткізіп, Қостанай облысындағы алапат өрттен зардап шеккендерге көмек берілетінін хабарлады.
"Өрт кезінде зардап шеккен тұрғын үй шаруашылықтарына бағалау жүргізіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша табиғи апаттан болған шығынды өтеу үшін қаржы бөлу мәселесін Үкімет қарастырады", – деді Юрий Ильин.
Министрлік мәліметінше, қазір өрттің сегіз ашық ошағы бар. Облыстағы 106 мың орман қорының 43 мың гектарын өрт шалған.
Өрт кезінде Аманқарағай ауылында 86 жастағы зейнеткер адамның мәйіті табылды.
"Бүо 1936 жылғы мүгедек адам. Жедел іздестіру шаралары кезінде учаскелік инспектордың ескертуіне қарамастан, оның эвакуациядан бас тартқаны белгілі болды. Дегенмен, адам өліміне қатысты тергеу шаралары жүргізіледі", – деді министр.
Еске салайық, орман өрті Қостанай облысында 2 қыркүйек күні басталып, елді мекендерге тараған. Соңғы деректерге сәйкес, бір адам қайтас болып, 10 адам түрлі жарақаттар мен күйік алған. 108 ғимарат зардап шеккен.
Өртті өшіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚉Пойыз кешіккен жағдайда төленетін өтемақы мөлшері қандай?
-
316
-
0
-
1
-
-
2😍 ЮНЕСКО: "Ортеке" музыкалық-қуыршақ өнері материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді
-
311
-
0
-
0
-
-
3😱 Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды
-
312
-
0
-
1
-
-
4🏝 Павлодар облысы әкімінің бұрынғы резиденциясы мемлекет меншігіне қайтарылады
-
293
-
0
-
0
-
-
5🚰🚱 "Дүкеннен сатып аламыз". Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары жарты айдан бері ауыз сусыз отыр
-
291
-
0
-
0
-
-
6🇰🇿 Тоқаев: Қазіргі Қазақстан екі жыл бұрынғы Қазақстаннан өзгеше, реформа әлі біткен жоқ
-
293
-
1
-
0
-
-
7👩🍳 "Аспаздар жұмыс істеуден бас тартып отыр". Павлодарда ауруханада жатқан науқастарды тамақтандыру тоқтатылуы мүмкін
-
278
-
0
-
0
-
-
8👩🏫 Патронат тәрбиешілердің жалақысы екі есе артты
-
265
-
0
-
0
-
-
9🚈 "Қазақстан темір жолы" кей пойыздардың кешігіп жүретінін ескертті
-
265
-
0
-
0
-
-
10🚘 Алматыда аз уақытта 92 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды
-
286
-
0
-
0
-