2019 жылдан бастап есірткінің жаңа түрлерін бақылау тетігі жеңілдетілді.
Биыл 33 есірткі жасайтын зертхана анықталып, 105 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Сондай-ақ, есірткіні сақтағандар үшін жауапкершілік күшейтіліп отыр, деп мәлімдеді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.
Депутат Ғалымжан Елеуовтың мәліметінше, соңғы үш жыл ішінде есірткіге тәуелді жастардың саны 2,5 есе өскен. Осы орайда, комитет мүшесі ішкі істер органына депутаттық сауал жолдап, қандай шаралар қолданылып жатқанын сұрады.
"Бірқатар заңнамалық бастама іске асырылды. 2019 жылдан бастап есірткінің жаңа түрлерін бақылау тетігі жеңілдетілді. Бұрын заңмен, ал қазіргі күні ол үкімет қаулысымен бекітіледі. Ол үшін екі ай уақыт қана қажет. Бұдан өзге 2020 жылдан бастап есірткіні интернет арқылы жарнамалау, сату мәселелеріне жауапкершілік күшейтілді. Аталған әрекеттер ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына қосылды. Яғни есірткіні сақтап, оны тұтынатындар 5 жылдан бастап өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылады", – деді Марат Қожаев.
Оқи отырыңыз: Алматы полициясы есірткі сататын 450 сайтты бұғаттады
Мұнымен қатар, ішкі істер министрінің бірінші орынбасары биыл 105 килограмнан астам синтетикалық есірткінің тәркіленгенін хабарлады.
"2021 жылдан бастап синтетика есірткінің ең ауыр түріне теңестіріліп, қазір оны сақтағаны үшін жауапкершілік 1 грамнан басталады. Бұрын 50 грамнан басталатын. Осы жұмыстар нәтижесінде 33 есірткі жасайтын зертхана, притон анықталып, 105 келі синтетика тәркіленді. Ақшамен есептегенде оның бағасы миллиард теңгеден асады", – деді министрлік өкілі.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🛫 Демалыс күндері ұшақ билеті неге қымбат болады? Азаматтық авиация комитетінің жауабы
-
302
-
0
-
1
-
-
2🚴♂️ Астана мен Алматыда қанша шақырым велосипед жолы бар?
-
291
-
0
-
0
-
-
3💰"Бір тиын да алмадым". Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
-
292
-
1
-
1
-
-
4👪 1 маусымда Астанада балаларға арналған қандай мерекелік шаралар болады?
-
304
-
0
-
3
-
-
5🌎 Қазақстанда жеті мыңнан астам 5G станциясы орнатылады
-
309
-
0
-
2
-
-
6📝 ҰБТ-2023: Аппеляцияға өтініш беру тәртібі қандай?
-
329
-
1
-
1
-
-
7🏠 "Баратын жеріміз жоқ". Павлодарда апатты үй тұрғындары үйінді астында қалудан қорқып отыр
-
320
-
0
-
0
-
-
8🚫🏠 "Бес баламен сабылып жүрміз". Атырау облысында көпбалалы аналарға тиісті пәтерлер екі жылдан бері берілмеген
-
345
-
0
-
0
-
-
9🚗 Автокөлікке VIP нөмірді eGov.kz порталы мен eGov Mobile арқылы сатып алуға болады
-
296
-
0
-
0
-
-
10🪖 Тоқаев: Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді
-
277
-
0
-
0
-