Тікелей эфир

"Богема" спектаклі, "Ғажапқа толы әуен" концерті: Астанада алдағы аптада өтетін мәдени іс-шаралар

Алдағы апта елордада түрлі мәдени іс-шаралар: концерттер, көрмелер, түрлі жанрлық қойылымдар өтеді.

Астана қаласы әкімдігі алдағы аптада елордада болатын іс-шаралар тізімін жариялады.

16 қазан

  • 19.00-де "Жастар" сарайында сағат DS CREW алғашқы жеке концерті өтеді.
  • Сонымен қатар, QAZAQSTAN ОКЗ-да симфониялық оркестр мен Ne prosto orchestra хорының орындауындағы "Сүлеймен сұлтан" саундтрек концерті болады.

17 қазан

  • 10.00-де тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету орталығында "Қасиетті карта. Елорда ескерткіштері мен нысандарындағы Астана тарихы" лекциясы өтеді.
  • 18.30-да "Жастар" театрында көрермендерге Қарағанды қаласының С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының "Ұлтқа қызмет" спектаклі көрсетіледі.
  • 19.00-де "Астана Опера" театрында "Музыка ангелов" концерті өтеді.
  • Сонымен қатар, "Жастар" сарайында Дина Нұрпейісова атындағы Қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің "Сарайшықтан сәлем саз" концерті өтеді.

18 қазан

  • 11.00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда "Ел қорғау – нағыз ерлер ісі!" – әскерге шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке салтанатты шығарып салу іс-шарасы өтеді.
  • 18.30-да "Жастар" театрында Қарағанды қаласының С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының "Қош, махаббат" спектаклі өтеді.
  • 19.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Төлеген Мұхамеджановтың Рухани келісім күніне арналған концерті өтеді.
  • 19:00-де "Астана Опера" театрында "Богема" спектаклі көрсетіледі.
  • 19.00-де "Жастар" сарайының сахнасында халық аспаптары оркестрі мен "Сармат" этнофольклорлық ансамблі өнер көрсетеді.

Оқи отырыңыз: Театр, музей, кітапханаға экскурсия. Жазғы демалыста балаларға арналған қандай шаралар өтеді?


19 қазан

  • ЕХРО-да халықаралық аграрлық көрмелер басталады.
  • 18:30-да "Жастар" сарайында бүлдіршіндердің сүйікті мультфильмдерінің саундтректері қойылады.
  • 19.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы театрда "Ғажапқа толы әуен" халық аспаптар ансамблінің концерті өтеді.

20 қазан

  • 10.00-де Сәкен Сейфуллин мұражайында "Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз" көрмесі басталады.
  • 14.00-де 16.00-де Қуыршақтар театрында "Отбасылық альбом" спектаклі өтеді.
  • 19.00-де "Астана Опера" театрында "Шелковая лестница" опера-фарсы өтеді.
  • 19:00-де Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында "Алиса ғажайыптар елінде" цирк, театр шоуы өтеді.

21 қазан

  • 11:00, 14:00, 17.00-де "Жастар" сарайында бүлдіршіндерге арнап "Синий трактор" музыкалық спектаклі қойылады.
  • 12.00 және 16.00-де Қуыршақтар театрында "Отбасылық альбом" спектаклі көрсетіледі.
  • 18.00-де Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрында "Боранды бекет" спектаклі өтеді.

22 қазан

  • 13:00, 15:00 және 17:00-де "Қазмедиа Холл" сахнасында "Алиса на каникулах" балалар театрландырылған шоуы өтеді.
  • 19.00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда Құдайберген Бекіштің концерті өтеді.

Оқи отырыңыз: Ерекше қажеттілігі бар адамдар қандай мәдени іс-шараға тегін кіре алады?


 

Серіктестер жаңалықтары