Белгілі тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар өмірден өтті

Тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар
Тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар
Ол 74 жасында жалған дүниемен қош айтысты.

Танымал тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден озды, деп хабарлады "Хабар" агенттігі.

"Белгілі тележурналист, тікелей репортаждың тарланы, "Хабар аға" атанған Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден озды", – делінген хабарламада. 

Марқұмның жаназа намазы 29 тамызда сағат 10.00-де өз шаңырағында оқылады. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 289-үй, 80-пәтер. 

Тілеуқабыл Мыңжасар 1952 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. 1975 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Сол жылы Қазақ телевизиясының балалар мен жасөспірімдер редакциясында оның алғашқы хабары эфирге шықты. 

Тележурналист "Хабар" агенттігі құрылған күннен бастап еңбек етіп, 1998 жылдан телеарнаның Алматы облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарды. Қырық жылдан астам уақытын журналистикаға арнап, елді мекендерді аралап, қарапайым халықтың тұрмысы мен өңірлердегі әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді республикалық эфирде көтерді.

Тілеуқабыл Мыңжасар Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Алматы облысының құрметті азаматы және "Хабар" агенттігінің "Алтын микрофон" сыйлығының иегері болған. Сондай-ақ "Еңбекте үздік шыққаны үшін" медалімен және Қазақстан Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау