Алматыда Медеу – Шымбұлақ жолының бір бөлігі жабылады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Медеу – Шымбұлақ жолы төрт күнге жабылады.

2026 жылғы 19-22 қазан аралығында Медеу – Шымбұлақ автомобиль жолының бір бөлігінде көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысы толық тоқтатылады. Бұл туралы жолдың "Горельник" визит-орталығы маңындағы учаскесінде жүргізілетін құрылыс жұмыстарына байланысты хабарланды.

Белгіленген күндері диаметрі 1 және 1,5 метр болатын екі темірбетон су өткізу құбыры орнатылады. Жұмыс жүргізілетін уақытта аталған учаскеде автокөліктердің жүруіне және жаяу жүргіншілердің қозғалысына рұқсат берілмейді.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан сапарларын және жаяу серуендеу маршруттарын жоспарлау кезінде уақытша шектеуді ескеру сұралды.

Ұйымдастырушылар уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрап, түсіністік танытқандары үшін алғыс білдірді.

Фото: Алматы әкімдігі

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау