Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер 8,5 пайызға өседі

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Бірақ, бұл өсім әлеуметтік төлемнің екі түріне ғана қатысты.

Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдерді 8,5%-ға арттыру жоспарланып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті қаулы жобасын әзірледі.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Қоғамдық талқылау 2 қарашаға дейін жалғасады.

"Құжат еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төлемдерді 8,5%-ға арттыруды көздейді. Бұл шара алушылардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған", – делінген жоба сипаттамасында.

Еске салайық, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдер 10%-ға өскен болатын. Еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемнің мөлшері әр адамға жеке есептеледі. Оны "ХҚКО" қосымшасындағы "Калькулятор" бөлімінде есептеуге болады. Ал асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы мөлшері отбасындағы еңбекке жарамсыз асырауындағы адамдардың санына байланысты белгіленеді. 2026 жылғы төлем мөлшері мынадай:

  • бір адамға – 46 783 теңге;
  • екі адамға – 86 447 теңге;
  • үш адамға – 114 415 теңге;
  • төрт адамға – 132 213 теңге;
  • бес адамға – 139 841 теңге;
  • алты және одан көп адамға – 152 553 теңге.

Әлеуметтік төлемдерді арттыру туралы ұсыныс әзірге қаулы жобасы түрінде ұсынылған. Сондықтан көрсетілген өзгерістер қабылданған жағдайда ғана күшіне енеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау