Бельгия королі мен патшайымы Алматыдағы заманауи өнер мұражайын тамашалады

Фото: Роман Егоров
Фото: Роман Егоров
Олар музейдің Құрметті қонақтар кітабына қол қойып, Алмагүл Меңлібаеваның "Мен бәрін түсінемін" атты көрмесінің каталогы

Бельгия королі Филипп пен патшайымы Матильда Алматыға сапары аясында Almaty Museum of Arts заманауи өнер мұражайында болды. 

Монархтарды музей қызметімен оның негізін қалаған Нұрлан Смағұлов пен көркемдік жетекшісі Меруерт Қалиева таныстырды. Олар тамашалаған "Мүсіндер: 1950 жылдардан бүгінге дейінгі Қазақстан мүсін өнері" көрмесі 70 жыл ішінде отандық өнердің көркемдік формасы мен өзіндік болмысының қалай өзгергенін баяндайды.

Тұрақты коллекция залдарында қонақтарға Ричард Серра, Ансельм Кифер және Яёи Кусаманың ("Махаббат шақырады") монументал туындылары, сондай-ақ Билл Виоланың "Тұрақтар" атты медиаинсталляциясы таныстырылды.

Фото: Роман Егоров

Мәдени бағдарламадағы басты оқиға Брюссельден келген хореограф Ула Сиклдің музей атриумында көрсетілген "Саз балшық денелер (зерттеу)" / Clay Bodies (study) перформансы болды. Жоба KANAL – Centre Pompidou орталығымен бірлесіп жүзеге асқан. Қойылымның өзегі саналатын отқа күйдірілген керамика қозғалыс, дыбыс пен ырғақтың қайнар көзіне айналады. Бұл перформанс Almaty Museum of Arts пен KANAL – Centre Pompidou арасындағы болашақ ынтымақтастыққа жол ашып, екі тараптың мәдениет саласын бірлесе дамытуға деген ұмтылысын көрсетті.

Ал бағдарламаның басты оқиғасы Брюссельден келген хореограф Ула Сиклдің перформансы болды.

"Жақсы өнер туындысы аударманы қажет етпейді. Серра, Кифер, Кусама, Виола мен қазақстандық мүсіншілер түрлі тілде сөйлегенімен, музей қабырғасында олардың туындылары өзара диалогқа түседі. Мәдениеттер арасындағы осындай пікір алмасудан жаңа мән-мағына мен ауқымды халықаралық серіктестіктер туындайды. Almaty Museum of Arts үшін Ұлы мәртебелі меймандарды қабылдау және Орталық Азия мен Еуропа бір-біріне шабыт беретін кеңістікке айналу – үлкен мәртебе", – деді Нұрлан Смағұлов.

Фото: Роман Егоров

Король Филипп пен Матильда патшайым музейдің Құрметті қонақтар кітабына қол қойып, бұл күнді музейдің халықаралық байланыстары тарихында қалдырды. Сапардан естелік ретінде монархтарға Алмагүл Меңлібаеваның "Мен бәрін түсінемін" атты көрмесінің каталогы табысталды.

Экскурсия музейдің ашық кеңістігіндегі Алисия Кваденың "Препозиция" атты инсталляциясын тамашалаумен аяқталды.

Бельгия королі мен патшайымының Almaty Museum of Arts музейіне сапары Қазақстан мен Еуропа арасындағы мәдени байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Ұсынылған экспозиция Алматының Еуразия кеңістігіндегі қарқынды дамып келе жатқан өнер орталықтарының бірі екенін, сондай-ақ жаһанның музей мекемелерімен тең дәрежеде диалог құруға қабілетті екенін көрсетті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау