Ақын Жанна Елеусіз өмірден өтті

Фото: Жазушылар одағының баспасөз қызметі
Фото: Жазушылар одағының баспасөз қызметі
Ол 55 жаста болатын.

Белгілі ақын Жанна Елеусіз 56 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлады Жазушылар одағының баспасөз қызметі. 

"Жанна Елеусіз – қазақ поэзиясында өзіндік сыршыл қолтаңбасы бар, лирик ақын және журналист. 1970 жылы 22 қарашада дүниеге келген. 1992 жылы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Әдеби ортада өзін көп көрсетпейтін, жұмбақ әрі тұйық мінезімен танымал ақынның "Мен сүйетін дүние" және "Тіршілік трилогиясы" атты жыр жинақтары жарық көрген", – делінген қаралы хабарда. 

Жанна Елеусіздің терең философиялық, мұңды және нәзік иірімдерге толы өлеңдері оқырман қауым мен әдебиетшілер тарапынан "ақсүйек поэзия" деп жоғары бағаланған.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау