Алматыда демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда 330 фермер қатысатын жәрмеңкелер ұйымдастырылады.

Алматыда осы демалыс күндері "Дала дәмі" республикалық акциясы аясында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтары жаңа жиналған өнімдерді, маусымдық көкөністер мен жеміс-жидектерді және басқа да отандық тауарларды қолжетімді бағамен сатып ала алады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Жәрмеңкелерге Алматы қаласы, Алматы облысы және Қазақстанның өзге өңірлерінен 330 фермерлік шаруашылық пен отандық өндіруші қатысады. Сауда орындарында көкөністер мен жеміс-жидектерден бастап, ет және сүт өнімдері, жұмыртқа, бал, нан-тоқаш өнімдеріне дейінгі 1 000-нан астам тауар түрі ұсынылады.

"Дала дәмі" акциясы отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін кеңінен танытуға, фермерлік шаруашылықтарды қолдауға және тұрғындарға сапалы азық-түлікті қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік жасауға бағытталған.

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Сауда орындары қаланың алты ауданында орналасқан:

  • Бостандық ауданы – "Қазақфильм" шағынауданы;
  • Әуезов ауданы – Рысқұлбеков көшесі, 33/2;
  • Медеу ауданы – Мендіқұлов пен Бектұров көшелерінің қиылысы;
  • Алмалы ауданы – Масанчи көшесінде, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы;
  • Жетісу ауданы – "Құлагер" шағынауданы;
  • Түрксіб ауданы – Рысқұлов даңғылы мен Айтықов көшелерінің қиылысы.

Қалада демалыс күнгі жәрмеңкелерді кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары да жалғасып жатыр. Сауда орындары Алматының дизайн-кодына сай жаңартылып, оларды безендіру, аумақты көркейту және сауданы ұйымдастыру бойынша бірыңғай тәсіл енгізілуде.

Жаңғыртылған алғашқы сауда алаңы Бостандық ауданындағы "Қазақфильм" шағынауданында ашылды. Аумағы 49 сотық болатын алаңда ашық және жабық павильондар, сондай-ақ фудкорт аймағы бар 112 сауда орны жабдықталған. Жаңартылған алаң сатушылар мен сатып алушыларға қолайлы жағдай жасауға арналған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау