Алматыда әлеуметтік осал топтарға қоқыс шығару ақысы арзандатылады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Алматыда қоқыс шығару ақысына әлеуметтік жеңілдіктер енгізілді.

Алматыда тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару тарифтеріне қатысты шешім қайта қаралып, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізілді. Қала прокуратурасының мәліметінше, бұған дейін қызмет ақысын төлеу кезінде азаматтардың жекелеген топтарының құқықтары бұзылған.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау қорытындысы бойынша Алматы мәслихатының қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізілді.

Жаңа тәртіпке сәйкес, Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметіне ақы төлеуден босатылды. Қызмет ақысын төлеу кезінде азаматтардың бірқатар санатына 50% жеңілдік қарастырылған. Олар:

  • Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалар;
  • бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
  • бала кезінен мүгедектігі бар адамдар;
  • мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мен заңды өкілдері;
  • жетім балалар.

Ал екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен азаматтардың басқа да әлеуметтік осал санаттарына 25% жеңілдік беріледі.

Жеңілдіктерді рәсімдеу үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметін көрсететін ұйымдарға жүгіну қажет.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау