Алматыда мас күйде көлік жүргізген Қытай азаматы полициядан қашпақ болды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қытай азаматы мас күйде көлік айдап, полициядан қашқан.

Алматы қаласында ішімдікке сылқия тойған шетел азаматы рульге отырып, полициядан қашқан. Тәртіп сақшылары талабына бағынбаған соң жолын бөгеп, тоқтатуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі. 

Оқиға Алматы қаласындағы Райымбек даңғылының бойында болды.

"Алмалы аудандық полиция басқармасының "Буран-230" патрульдік экипажы Райымбек даңғылымен батыс бағытта келе жатқан Қытайдың мемлекеттік нөмірі тағылған автокөлікті байқаған. Жүргізуші полицияның тоқтау туралы талабына бағынбай, қашып кетпек болған. Полицейлер көлікті қуа жөнеліп, ақыры жолын бөгеп тоқтатты", – делінген ПД хабарламасында.

Көлік рулінде Қытай азаматы отырған. Жүргізушінің сұраққа дұрыс жауап бере алмай тұрғанынан полицейлер күдіктеніп, медициналық куәландыруға апарды. Тексеру нәтижесінде ер адамның орта дәрежеде мас болғаны анықталды.

"Жүргізуші көлік жүргізуден шеттетілді. Мас күйде көлік жүргізу ісі бойынша жиналған материалдар сотқа жолданды", – деп жазады Алматы қаласының полиция департаменті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау