Астанада қала ішіндегі және қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктің жолақысы өзгереді. Қала әкімдігі тиісті қаулыны жариялады.
Жаңа тариф бойынша қала ішіндегі автобустарда жолақыны электронды түрде төлегенде 150 теңге, ал қолма-қол төлегенде 300 теңге болады. Қала маңына қатынайтын экспресс-автобустарда онлайн төлем жасаған жолаушылар 300 теңге, ал қолма-қол төлейтіндер 400 теңге төлейді.
Қала маңына қатынайтын өзге автобустарда жолақы жүрілген қашықтыққа қарай есептеледі. Электронды төлем кезінде бір шақырымның құны 13 теңге болса, қолма-қол төлем жасағанда 19 теңге болады.
Жеңілдікті көлік картасы бар жолаушылар үшін тұрақты әлеуметтік маңызы бар бағыттарда жол жүру бұрынғыдай тегін қалады. Сондай-ақ қаулыда электронды төлем жүйесінде ақау болған жағдайда жолаушылардың жолақы төлемейтіні көрсетілген.