Жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нүриддин Шәмшіұлы өмірден өтті. Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі таратты.
Нүриддин Шәмшіұлы 1949 жылы 8 сәуірде Түркістан облысы Ордабасы ауданында дүниеге келген. 1966 жылы Темірлан ауылындағы Амангелді атындағы орта мектепті тәмамдап, сол жылы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түскен. Жоғары оқу орнын 1970 жылы аяқтаған.
"Ол "Ордабасы оттары" газетінің редакторы ретінде ауданның қоғамдық, рухани және мәдени өміріне қатысты мақалалар жазып, өңірдің дамуына өз үлесін қосып келді. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері атанған. Сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 және 25 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен, 2021 жылы "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" медалімен марапатталған", – делнінген қаралы хабарда.
Нүриддин Шәмшіұлы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен "Ерен еңбегі үшін" медаліне ие болған.