Шымкентте қала тұрғынынан 10 млн теңге бопсалап, көлігін тартып алған рэкеттер ақыры сотталып тынды, деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.
Полиция қала тұрғынының арызынан кейін рэкет жасаған екі ер адамды ұстап, үйлеріне тінту жүргізген. Тінту барысында қару мен төрт оқ тапқан.
"Жүргізілген тергеу әрекеттері нәтижесінде бопсалау арқылы алынған Mercedes-Benz автокөлігі мен 300 мың теңге иесіне қайтарылды. Сот шешімімен құқық бұзушыларға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген ПД хабарламасында.