Ермек Көшербаев Қазақстанның Аустриядағы елшісі болып тағайындалды

Фото: Gov.kz
Фото: Gov.kz
Сондай-ақ, ол Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі қызметін қоса атқарады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Қазақстанның бірқатар елшілері тағайындалды.  

  • Ермек Көшербаев Қазақстанның Аустриядағы елшісі және Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болды. 
  • Еркін Тұқымов Қазақстанның Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. 

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Сәулекүл Сайлауқызын Қазақстанның Марокко корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Того республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатты.

Еске салайық, бұған дейін Ермек Көшербаев Қазақстанның сыртқы істер министрі қызметін атқарды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау