Маңғыстауда аурухананың бас бухгалтері 32 млн теңгеден астам қаржы жымқырған

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Маңғыстауда бюджет қаржысын жымқырған бухгалтерге үкім шықты.

Маңғыстау облыстық ауруханасының бас бухгалтері бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін жеті жылға сотталды. Ол танысымен алдын ала сөз байласып, 32 млн теңгеден астам ақшаны иемденген.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен, яғни аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу барысында бас бухгалтердің танысымен алдын ала сөз байласып, бюджет қаражатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың шоттарына аударғаны анықталған. Кейін олар ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырған.

Сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді, – делінген прокуратураның хабарламасында.

Сот бас бухгалтерді жеті жылға соттаған. Сонымен қатар оған бес жылға дейін бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салынған. Ал оның сыбайласына жеті жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау