Камелчино, балмұздақ және конфитюр. Қазақстанда түйе сүтіне арналған стандарт әзірленді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Құжат 2026 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстанда пастерленген түйе сүтіне арналған ұлттық стандарт бекітілді, деп хабарлады Сауда және интергация министрлігінің баспасөз қызметі. 

Стандарт өнімге қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеп, отандық кәсіпорындардың өнім түрлерін кеңейтуіне және экспортты дамытуына бағытталған. 

"Пастерленген түйе сүті. Техникалық шарттар" деп аталатын ҚР СТ 4050-2026 стандарт Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2026 жылғы 11 қыркүйектегі № 41-НҚ бұйрығымен бекітілді. Құжатты 2026 жылға арналған Ұлттық стандарттау жоспары аясында "ҚазСтандарт" РМК әзірлеген. 

"Қазақстанда түйе сүті дәстүрлі түрде шұбат пен қымыран сияқты ашытылған сүт сусындарын дайындау үшін қолданылады. Соңғы 15-20 жылда оған деген әлемдік қызығушылық артып, одан өндірілетін өнім түрлері көбейді. Түйе сүтінен балмұздақ пен конфитюр өндіріледі. Сондай-ақ ол кофеге қосылады. Мысалы, капучиноның бір түрі – камелчино дайындау үшін пайдаланылады. Мұндай өнімдерді өндіруде пастерленген түйе сүті қолданылады", – делінген хабарламада. 

Жаңа стандарт өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне, таңбалануына, қапталуына, тасымалдануына және сақталуына қойылатын талаптарды белгілейді. Сонымен қатар құжатта ортақ терминология, өнімдерді жіктеу және олардың сипаттамаларын бағалауға арналған көрсеткіштер айқындалған. Стандартты қолдану өндірушілерге ішкі және сыртқы нарықтарға арналған өнім түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді. 

Министрлік экспортты дамытудың перспективалы бағыттары ретінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерін, Қытай және Таяу Шығыс мемлекеттерін қарастырылып отыр. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау