Семейде қонақүйге кіре алмаған қыз жанжал шығарып, бес тәулікке қамауға алынды

Фото: Рolisia.kz
Фото: Рolisia.kz
24 жастағы қыз бес тәулік қамауда болады.

Семейде қонақүйге орналастырудан бас тартқаннан кейін жанжал шығарып, әкімшіні балағаттаған 24 жастағы қыз бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасы.

Оқиға 12 қазанда таңғы сағат 04:30 шамасында Семейдегі қонақүй кешендерінің бірінде болған.

Ведомство мәліметінше, қонақүй әкімшілігі 24 жастағы келушіні орналастырудан бас тартқан. Бұған наразы болған қыз жанжал шығарып, әкімшіні балағаттаған. Ескерту жасалғанына қарамастан, ол қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың тыныштығын бұзуды жалғастырған.

Полиция қызметкерлері қыздың жеке басын анықтады. Ол Үржар ауданының тумасы болып шықты.

Сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған бес тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау