Астанада қоғамдық орында бойжеткенге тиісіп, арсыз ұсыныс жасаған ер адам жазаланды

Фото: Рolisia.kz
Фото: Рolisia.kz
Әлеуметтік желідегі видео арқылы анықталған ер адам 20 АЕК айыппұл төледі.

Астанада көшеде кетіп бара жатқан бойжеткенге арсыз ұсыныс жасаған 42 жастағы ер адам ұсталды. Полиция оны әлеуметтік желіде тараған видео арқылы анықтаған.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам қоғамдық орында азаматшаға тиісіп, өзгелерге анық құрметсіздік танытқан.

"Тексеру барысында полиция қызметкерлері 42 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Анықталғандай, құқық бұзушы қоғамдық орында азаматшаға тиісіп, өзгелерге анық құрметсіздік танытқан. Аталған факті бойынша ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды", – делінген полиция хабарламасында.

Сот шешімімен ер адамға 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау