Қазақстанда шетел азаматтарына ЖСН алу қиындай ма

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстанда шетел азаматтарының ЖСН алу тәртібіне өзгеріс енгізіледі.

Қазақстанға уақытша келген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру тәртібіне өзгеріс енгізу ұсынылды. Жаңа талап олардың ел аумағында заңды түрде жүргенін тексеруге мүмкіндік береді.

Жоба Құқықтық актілер тізбесінің 81-тармағына сәйкес әзірленген. Құжатта шетелдіктерге ЖСН беру немесе бұрынғы мәліметтерін өзгерту кезінде Қазақстанда заңды болу мәртебесін тексеру көзделген.

"Жобаның мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын мәліметтердің дұрыстығын арттыру. Осылайша, ЖСН беру немесе ондағы деректерді өзгерту барысында өтініш берушінің Қазақстанда заңды жүргені ескеріледі", – делінген хабарламада.

Ашық нормативтік құқықтық актілер порталындағы хабарламада жобаның әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдары болмайтыны көрсетілген.

"Бұл жобаның әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық тұрғыда ешқандай салдары жоқ", – делінген хабарламада.

Жоба ұсыныс сатысында болғандықтан, өзгерістің күшіне ену мерзімі туралы ақпарат хабарламада көрсетілмеген.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау