Қазақстанда 17 мың шақырымнан астам электр желісі жөнделді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ақмола облысында ауқымды жөндеу жүргізілді.

Қазақстанда күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында электр желілеріне күрделі жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстар аяқталды. Биыл 17,1 мың шақырым электр беру желісі, 444 қосалқы станция және 3,4 мыңнан астам тарату және трансформаторлық пункт жөнделді. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, жөндеу жұмыстарының ең ауқымды бөлігі Ақмола облысында атқарылған. Өңірде 2,6 мың шақырымнан астам электр беру желісі, 49 қосалқы станция және 555 тарату және трансформаторлық пункт жөнделді.

"Павлодар облысында 2 444 шақырым электр беру желісіне, 52 қосалқы станцияға және 609 тарату және трансформаторлық пунктке күрделі жөндеу жүргізілді. Ал Жамбыл облысында 1,8 мың шақырымнан астам электр беру желісі, 63 қосалқы станция және 316 тарату және трансформаторлық пункт жөндеуден өтті", – делінген хабарламада.

Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық бақылау және қадағалау комитеті жылыту маусымы кезінде электр энергетикасы нысандарының жұмысына тұрақты бақылау жүргізуді жалғастырып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау