Admission Insight Test: Астанада ҰБТ-ның жаңа форматы таныстырылды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ол 2027 жылдың көктемінде пилоттық режимде енгізіледі.

Ұлттық тестілеу орталығы халықаралық ETS ұйымымен бірлесіп Admission Insight Test жобасын жүзеге асырып жатыр. Жоба 2026 жылғы ақпанда басталып, 2030 жылға дейін жалғасады. Оның мақсаты – білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен заманауи әлемнің талаптарын ескере отырып, қабылдау емтихандарын өткізу және бағалау тәсілдерін жаңарту. Бұл туралы ҰТО директоры Нұрсейіт Байжанов хабарлады. 

Ұсынылып отырған AIT емтиханының құрылымы екі негізгі бөліктен тұрады:

  • Пәндік тестілер. 14 бейіндік пән бойынша өткізіледі. Тапсырмалар мемлекеттік стандартқа сәйкес жаңартылып, ақпаратты жай ғана есте сақтау мен қайталаудан гөрі оқу материалын терең түсінуге басымдық беріледі.
  • Дағдыларды бағалау тесті. Сыни ойлау, академиялық жазылым және зерттеу дағдылары, коммуникациялық қабілеттер, жасанды интеллектіні пайдалану сауаттылығы, сандық және цифрлық сауаттылық, сондай-ақ креативті және дизайндық ойлау дағдыларын бағалауға бағытталған бес модульді қамтиды. Соңғы модуль әзірлену үстінде.

ҰТО директоры пәндік білімнің маңызы бұрынғыдай жоғары екенін ерекше атап өтті. Дағдыларды бағалау бөлігі пәндік білімді алмастыруға емес, оны бағалауды толықтыруға бағытталған. Емтиханның ұсынылып отырған құрылымы білім беру саясаты мен зерттеу нәтижелеріне қарай нақтыланады.

Жаңа емтихан жүйесін әзірлеу барысында жоғары оқу орындарының, оқытушылардың және білім беру жүйесінің басқа да қатысушыларының пікірлері ескеріледі. Бұл әртүрлі көзқарастарды назарға ала отырып, қабылдау емтихандарын бағалаудың жаңа моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асырудың келесі кезеңі – AIT тестін пилоттық режимде өткізу, ол 2027 жылдың көктеміне жоспарланған.


Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау