Қазақстанда доллар бағамы 454 теңгеден асты

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
KASE-дегі доллар бағамы 2,93 теңгеге өсті.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,93 теңгеге өсіп, 454,14 теңгеге жетті. Ұлттық банктің ресми бағамы – 450,62 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 450,97 теңгеден сатып алынып, 457,97 теңгеден сатылып жатыр.

Елордадағы басқа валюталардың бағамы төмендегідей:

  • Еуро: сатып алу – 502,97 теңге, сату – 512,97 теңге;
  • Рубль: сатып алу – 5,25 теңге, сату – 5,45 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 452,90 теңге, сату бағамы 455,01 теңге болды. Алматыдағы айырбастау орындарында еуро 505,20–509,86 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ал рубльдің бағамы 5,21–5,33 теңге аралығында.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау