Ауыл кітапханаларына жабылу қаупі төніп тұр – депутат

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
12 кітапхана апатты жағдайда болса, 32-cі күрделі жөндеуді қажет етеді.

Құрылтай депутаты Динара Райханова мәдениет және ақпарат министрінің атына сауал жолдап, ауыл кітапханаларының мәселесін көтерді. 

Депутаттың сөзінше, Қазақстандағы 3912 кітапхананың 85 пайызы ауылда орналасқан. Соңғы 15 жылда солардың төрттен бірі қысқарған. Динара Райханова бұл деректер Ұлттық статистика бюросынан алынғанын айтады. 

"Қазақстандағы барлық кітапханалардың тек 59 пайызы ғана интернетке қосылған, 32 кітапхана күрделі жөндеуді қажет етеді, он жетісі жылытылмайтын ғимараттарда орналасқан, 12-сі апатты жағдайда. Ауыл кітапхана қорлары моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген. Көптеген кітапхана ғимараттары қызмет көрсетуге және заманауи талаптарға сәйкес келмейді. Кітапханаларда бұқаралық іс-шаралар, коворкинг, клубтар мен үйірмелер өткізуге арналған орындар аз", – дейді депутат. 

Осы орайда ол "Ауыл" партиясының фракциясының атынан келесі шешімдерді ұсынды:

"Кітапхана және кітап шығару ісі туралы" жаңа Заң жобасына жергілікті тұрғындардың пікірі мен келісімін ескермей ауылдық кітапханаларды жабуға немесе қайта ұйымдастыруға тыйым салатын норманы қосу.

Кітап қорын толықтыру мәселесін қайта қарап, оқырмандар үшін мемлекеттік тілдегі заманауи танымдық және классикалық әдебиеттермен қамту механизмін қарастыру.

Екі мың 2027-2031 бірінші жылдарға арналған "Зерделі ұлт" концепциясына ауылдық кітапхана инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жеке бөлім енгізу.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау