"Қалыптасқан тәжірибе". СІМ Ресейдің Navai-ге қатысты нотасы туралы

Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Министрлік сауалды құқық қорғау органдарына жолдайды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейдің рэпер әнші Navai-дің ұсталуына қатысты жолдаған нотасы бойынша жауап берді. 

"Сыртқы істер министрлігіне Ресей тарапынан нота келіп түсті. Онда Ресей Федерациясының ұсталған азаматтары туралы мәлімет беруге және олардың қай жерде екенін хабарлауға өтініш білдірілген. Консулдық қызмет аясында мұндай өтініштермен жүгіну – қалыптасқан тәжірибе. Министрлік тиісті сауалды Қазақстанның құқық қорғау органдарына жолдайды", – делінген ресми жауапта. 

Еске салайық, Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы рэпер Navai (Наваи Бакиров) Қазақстанда ұсталуына байланысты елдің Сыртқы істер министрлігіне нота жолдап, жағдайдың мән-жайын түсіндіруді сұрады.

Музыкант 13 қазанда Қырғызстаннан Қазақстанға кіріп келе жатқанда "Қордай" өткізу бекетінде ұсталған. Жамбыл облысының полиция департаменті рэпердің көлігінен есірткі табылғанын мәлімдеді. Оған есірткі контрабандасына оқталды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Астанада 14 қазанға жоспарланған концерті де тоқтатылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау