Қазақстанда дропперлер арқылы 10,3 млрд теңге айналдырған күдіктілер ұсталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
500 млн теңгеден астам қаржы айналымы анықталды.

Қазақстанның бірнеше өңірінде отырып, Орталық Азия елдерінде дропперлер желісін ұйымдастырып, онлайн-казинолардың ақшасын жылыстатты деген күдіктілер ұсталды. Қаржылық мониторинг агенттігі екі қылмыстық топтың жолы кесілгенін хабарлады.

Тергеу барысында делдалдардың Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтарының банк шоттарын пайдаланып, "дроп-фермалар" ұйымдастырғаны анықталған.

Қазақстанға келген шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлері беріліп, олардың атына SIM-карталар мен банк шоттары ашылған. Кейін банк қосымшаларына қол жеткізуге мүмкіндік беретін ұялы телефондар ақша айналымын басқаратын адамдарға берілген.

"Ақша айналымын басқару үшін ойыншылардан төлем қабылдауға, оларды автоматты түрде анықтауға және ұтыстарды төлеуге мүмкіндік беретін P2P платформасы пайдаланылған. Қылмыстық топ мүшелері өзара есеп айырысу үшін криптовалютаны да қолданған. Түркістан облысы мен Алматы қаласында Қазақстан банктерінің 89 картасын пайдаланған. Өзбекстанның үш азаматы ұсталды. Олардан банк шоттарын басқаруға арналған 20 телефон тәркіленді. Аталған карталар арқылы жүргізілген операциялардың жалпы көлемі 500 млн теңгеге жеткен", – делінген агенттік хабарламасында.

Жамбыл облысында бірнеше елдің аумағында жұмыс істеген тағы бір қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылған. Тергеу мәліметінше, олар Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтарын, соның ішінде кәмелетке толмағандарды тартып, Тараз бен Алматыда өзге адамдардың банк шоттары арқылы ақша айналымын жүргізетін желі құрған.

"Тінту барысында 180 банк картасы, 15 телефон, 50 мың АҚШ доллары, 27 мың USDT, төрт автокөлік, қару-жарақ, оқ-дәрілер және 26 SIM-карта тәркіленді. Банк карталарына түскен ақшаның жалпы көлемі 9,8 млрд теңгеден асқан. Сот бес күдіктіні қамауға алуға санкция берді. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау