Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы басталды ма? Министрлік мәлімдеме жасады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Министрлік әлеуметтік желідегі ақпаратты жоққа шығарды.

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар ескі көлігін тапсырып, салоннан су жаңа көлік алу үшін сертификат ала алатыны туралы ақпарат тараған. Экология министрлігі осыған қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Министрлік желіде тараған бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды. Ведомство дерегінше, мұндай ақпараттың шығуына Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 6 қазандағы №252 бұйрығының бекітілуі себеп болған. Онда автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасын утилизацияға тапсырған құжаттарды қалай алуға болатыны, сол сияқты жеңілдік сертификаттарын алу жолдары көрсетілген.

"Бұл бұйрықтың қабылдануы бағдарламаның басталғанын және автокөліктерді утилизацияға қабылдау жүріп жатқанын білдірмейді. Құжат бағдарламаны іске асырудың құқықтық тетіктерін, атап айтқанда, жеңілдік сертификаттарын беру тәртібі мен шарттарын, оларды беру (қайта тіркеу) және отандық өндірістегі автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезіндегі пайдалану тәртібін белгілейді. Бұйрық 2026 жылғы 25 қазаннан бастап күшіне енеді. Алайда бұл автокөліктерді қабылдау мен жеңілдік сертификаттарын беретін күн емес", – делінген министрлік хабарламасында.

Ескірген көліктер мен ауыл шаруашылығы техникасын утилизацияға тапсыру тәртібі Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы №332 бұйрығымен бекітілген қағидаларда көрсетілген.

"Оған сәйкес, қазір "Жасыл даму" АҚ ескірген автокөліктерді қабылдап, кейіннен утилизация жасайтын кәсіпорындарды іріктейді. Тиісті рәсімдер аяқталған соң бағдарламаның қашан басталатыны, оның шарттары және қабылдау орындары туралы ақпарат министрлік пен "Жасыл даму" АҚ-ның сайтында жарияланады", – деп жазады министрлік.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау