Жамбыл облысының соты ресейлік рэпер Навай Бакировқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Ол есірткі контрабандасы мен заңсыз сақтауға қатысты екі бап бойынша күдікке ілінген.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Navai лақап атымен танымал орындаушы 13 қазанда Қырғызстаннан Қазақстанға кіреберістегі "Қордай" өткізу бекетінде ұсталған. Кейін ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Күдіктіге қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", – деп хабарлады полиция департаменті 15 қазанда. Ведомство рэпердің қамауда болу мерзімін нақтыламады.
Қазіргі уақытта оған қатысты Қылмыстық кодекстің есірткі контрабандасы мен есірткі заттарын заңсыз сақтау белгілеріне байланысты екі бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Оқиғадан кейін Қырғызстанның шекара қызметі әртістің "Ақ-Жол – автожол" өткізу бекетінен қалай өткенін анықтау үшін қызметтік тексеру бастаған.
Қырғызстан ведомствосының мәліметінше, рэпердің көлігінен есірткі заттары шекараның Қазақстан жағында анықталған. Егер тексеру барысында заңбұзушылықтар анықталса, оған қатысы бар қызметкерлер жауапкершілікке тартылады.
Navai-дің жеке концерті 14 қазанда Астанада өтуі керек болған. Алайда билет сататын оператор концерт басталуына төрт сағат қалғанда іс-шараның "техникалық себептерге" байланысты тоқтатылғанын хабарлады. Көрермендерге билеттерді сатып алған платформалар арқылы ақшасын қайтаруға өтініш беру ұсынылды.
Рэпер Navai прошел КПП с наркотиками. Погранслужба Кыргызстана начала проверку
Певца Navai задержали на границе по подозрению в контрабанде наркотиков, концерт в Астане отменили