Тікелей эфир

Астанада Мәмбетов көшесінің бір бөлігі жөндеуге жабылады

Жөндеу жұмыстары 6-8 мамыр аралығында жүргізіледі.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Әзербайжан Мәмбетов көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 6-8 мамыр аралығында Әзербайжан Мәмбетов көшесінің Кенесары көшесінен Бұқарбай батыр көшесіне дейінгі учаскесінде қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды, сондай-ақ жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарау сұралады.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда мерекеде күн жылы болады. Қай өңірде найзағай ойнайды


 

Серіктестер жаңалықтары