Тікелей эфир

Қазақстанда мерекеде күн жылы болады. Қай өңірде найзағай ойнайды

Тек батыста жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы мереке күндері – 7, 8 және 9 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанға көптен күткен жылуды Өзбекстан жақтағы ауа массалары әкеледі.

Солтүстік пен шығыстың кейбір аудандарында 7 және 8 мамырда түнде бұрынғысынша нөлден төмен температура сақталады, бірақ 9-ы күні ауа 28 градусқа дейін жылынады. Батыста ауа райы құбылмалы болады: оңтүстік циклон найзағай ойнап, қатты жаңбыр әкеледі. Бұршақ жауып, ауа температурасының төмендеуі күтілуде.


Оқи отырыңыз: Мамырда ауа райы тұрақсыз, ал жауын-шашын мол болады


Еске салсақ, мамыр бойы ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел соғады, кей жерлерде бұршақ жауады.

Серіктестер жаңалықтары